27 мамыр сағат 11:10-де Атырау қаласы, Мирас ықшамауданындағы көшелердің біріндегі май ауыстыру орталығының алдында «Газель» маркалы автокөлігінің өртенуі бойынша автокөлік иесі 1982 жылғы азаматтан шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, өрт 11:21 оқшауланып, толықтай жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Атырау қаласы 14-ӨСБ 6 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды.