Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Талдыкөлден эвакуацияланған тұрғындарға барлық жағдай жасалуда

Махамбет ауданы Талдыкөл елді –мекеніндегі ТЖ байланысты ауыл тұрғындарын жалпы түрде эвакуациялау 25-мамырдан бастап жүргізілді Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және APEC Petrotechnic жоғары колледжінің жатақханасына орналастырылды.

«Қазіргі уақытта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1-жатақханасына 19 бала, 11 ересек, барлығы 30 тұрғын орналасты. Тұрғындар 3 мезгіл тамақпен, қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Бұлардан бөлек тағы эвакуацияланатын халық үшін осы жатақханада 450 орын дайын тұр» дейді Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы Дулат Хамзин.

Бүгінде университет жатақханасында орналасқан тұрғындарға 2 дәрігер, 2 фельдшерден құрылған дәрігерлік бригада мед.көмек көрсетуде. Олар таңғы сағат 8-ден түңгі 12-ге дейін жұмыс жасауда.

27-мамырдағы мәліметке сүйенсек, Талдыкөл елді-мекенінен қалаға эвакуцияланған тұрғындар саны 219. Оның 82-сі ересек адам болса, балалар саны 137-ні құрайды.

Back to top button