«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары тұрғындарына 28 мамырға дейін тегін қызмет көрсетеді.
Тек бір тәуліктің ішінде медицина қызметкерлері Құлсары қаласының 500-ден астам тұрғынына қызмет көрсетті. Көшпелі бригадалар қаланың барлық эвакопункттерінде, сондай-ақ халықпен белсенді жұмыс жүргізілетін Мәдениет үйінің жанында қызмет көрсетуде.
Пойыздың құрамында 40 маман — медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер. Дәрігерер қатарында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, Ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және урологтан бар.
Қажеттілікке қарай, мамандар кішігірім ота жасау қызметтерән көрсетіп, жоспарлы емдеуге жолдама беруде.
Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 26 -28 мамыр аралығында Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді.