Қалалық коммуналдық қызметтердің қарамағына 15 жаңа вакуум-машина келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылға арналған жоспарға 20 бірлік вакуум-машина сатып алуға бюджеттік өтінім салынған. Оның ішінде бүгін Атырауға 15 бірлік келіп, тағы бесеуі мамыр айының соңына дейін жеткізіледі. Ассенизациялық машиналардың сыйымдылығы-10 тонна. Бүгінгі таңда жаңа арнайы техника «Спецавтобаза» ЖШС автопаркіне жеткізілді. Вакуумдарға мемлекеттік нөмірлер алынып, техпаспорт пен сақтандыру рәсімделгеннен кейін вакуумдық машиналар тасқын суларды айдау жұмыстарына тартылатын болады,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.