Сарыөзек арнасының Бестал ауылына тасқын қаупі төнуіне орай, мал шаруашылығы және егістікпен айналысатын тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы хабарлама жұмыстары жүріп жатыр, жауапты мемлекеттік орган өкілдері жұмырдырылды. Бұл туралы 107 учаскеге жауапты маман Қадыржан Сиюмов мәлім етті.
— Жалпы Сарыөзек арнасының Еркінқала аумағында 30 шаруа қожалығы орналасқан. Соның ішінде, Бестал ауылы бойында 15 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 6-ы Төтенше жағдай жарияланғалы бері, қауіпсіз аймаққа малын көшіріп әкетті. Ал қалған 9-ына бүгін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға шаруагерлер жайлаудан көшіп, малын қауіпсіз орынға айдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Келген нөпір су Сарыөзек арнасы арқылы Каспий теңізіне кедергісіз өту үшін сумен бірге ағып келген қоқыстарды дер кезінде тазалап жатырмыз,-дейді Қ.Сиюмов