![](https://didarmedia.kz/wp-content/uploads/2024/05/WhatsApp-Image-2024-05-27-at-12.33.45-780x470.jpeg)
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев тағайындалды. Бақтыбек Бақтығалиұлы Атырау қаласында дүниеге келген. Орталық-Азия университетінің түлегі. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Бірнеше басшылық лауазымдарды атқарған Бақтыбек Бақтығалиұлы жаңа қызметіне дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет еткен.