Атырау қаласынан 18 шақырым қашықта тереңдігі 10 метр шұңқыр табылды.
Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, терең шұңқыр Қызылжар зираты маңынан анықталған.
«Шұңқырдың ұзындығы — 20 метр. Тереңдігі — 10 метр. Қазір шұңқырдың айналасына белгі орнатылып, қауіпсіздік іс-шарасы жүргізілді. Шұңқыр анықталған аумақ Атырау қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл аумақта „Первомайский“ ЖШС-нің шаруашылығы бар. Бірақ қазір шұңқырға жақын маңда төрт түлік мал жоқ», -деді Сейілбек Зұлхашев.