Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Махамбет ауданында 66 егін алқабы мен 27 мал шаруашылығы қожалығы зардап шекті

Атап өтерлігі, бірде бір мал шығыны орын алған жоқ. Себебі, қауіпті аймақтардағы қожалықтардағы мал басы толықтай алдын ала бекітілген қауіпсіз аймақтарға көшірілген.

Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, өр суынан
зардап шеккендердің қатарында 1 өндірістік жылыжай құрылысы, 1 жылыжай, 1 ешкі сүтін өндіретін зауыт, 1 балық өсіру зауытының құрылысы және 4 демалыс орны бар.

Зардап шегу қаупі бар аймақта егін шаруашылығымен айналысатын 7, мал шаруашылығымен айналысатын 19 шаруа қожалығы бар.

«Зардап шеккен егін шаруашылығы иелерінің шығыны толықтай өтеледі. Өр суының қарқыны саябырлаған соң, арнайы комиссия құрылып, акт жасалып, есебі жүргізіледі» деп нақтылады
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Back to top button