Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 18 мамыр күні сағат 15:25 шамасында Индер ауданы, Бөдене ауылы С.Датов көшесінде мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатып, жол-көлік оқиғасы орын алған.
Салдарынан жаяу жүргінші жасөспірім, ауруханада жатсақтау бөлімінде қаза тапты. Айта кетейік, мопед көлік құралының жүргізушісіне яғни, кәмелетке толмауына орай құқық бұзғаны үшін, заңды өкіліне наурыз айында әкімшілік хаттама толтырылды. Алайда ескертуге қарамастан жасөспірім басқару құқығын жалғастырған. Осы ретте, барлық жол қозғалысына қатысушылар жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз.