Атырау-Орал трассасының Махамбет ауданындағы 56-шақырымы жырылған. Қазір жолдың жырылған тұсынан су ағып жатыр.
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, каналдың бәріне су толған. Әкім тасқын қаупі алдындағы Махамбет ауданындағы ахуал туралы айтты.
«Қазіргі уақытта Махамбет ауданының аумағындағы каналдың барлығына су толды. Дегенмен каналдардың бойын жыру арқылы суды теңізге бағыттау, бұрынғы, сай-жыраларға қарай жіберу жұмысы жалғасып жатыр. Республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолын тасқын су басу қаупіне болғандықтан, 56-шақырымы жырылды. Жолдың жырылған бөлігімен су жіберіліп жатыр. Бұл қадам елді мекендерді тасқын су басудан сақтау мақсатында жасалып отыр», — деді Қайрат Нұрлыбаев.