Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр

Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның айтуынша, су деңгейін бақылауда ұстауға әзірге Құрсай каналын жырудың көмегі тиіп тұр.

«Құрсай каналының бойын бірнеше жерден жыру нәтижесінде келіп жатқан мол су сай салаға жайылып жатыр.

Дегенмен, қауіпті аумақтардағы жаңадан соғылған балдардан су шығып кеткен жағдайлар болды. Сол себепті қосымша бекіту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатырмыз. 7 мамырдан бері тәулік бойы ұйымдастырылып жатқан кезекшілік те тосын жағдайларды дереу жоюға көмегін беруде» деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Еске сала кетелік,
Сарайшық ауылындағы Құрсай каналының жалпы ұзындығы 53 шақырым. Канал бойында 11 шаруа қожалығы бар. Бастауын Сарайшық ауылындағы Жайықтан алатын канал Бейбарыс ауылына жақын жердегі Түйеші қыстағынан аяқталады.

Back to top button