15 мамыр сағат 01:30-да Жайық өзенінің деңгейі жоғарылауынан республикалық маңызы бар А-28 «Атырау – Орал» тас жолын су басты, жолдың 56 шақырымындағы қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін уақытша тоқтатылды.
Махамбет ауылы мен Орал қаласына қатынайтын автокөліктер үшін облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолынан Ортақшыл ауылындағы көпір арқылы «Атырау – Орал» тас жолына қатынайтын балама жол бар.
Қазір тас жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.