Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 келіден астам синтетикалық есірткіні сатпақ болған 2 күдіктіні ұстады. 21 және 25 жастағы екі күдікті Тараз қаласынан Атырауға есірткі сатуға келген. Олардың тұрғын жайын тексеру кезінде 1 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, Атырау қаласы аумағында сату үшін жасырын тыққан 300-ден астам орамға оралған синтетикалық есірткілері анықталды. Қазіргі таңда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды.