Қазіргі уақытта Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандардың аумақтарын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
— Тасқыннан кейін 4 689 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Алдағы күндері машиналар санын 20-25 бірлікке дейін ұлғайту жоспарда, — деді «Жылыой Тазалық» ЖШС директоры Бауыржан Абдурахманов.
Қаладан шығарылған қоқыс арнайы полигонға жинақталуда. Арнайы техника тәулігіне 50 рейс жасайды.