Бұл туралы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мәлімдеді.
Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан өтініштерді қабылдауды аяқтады. Қазіргі уақытта ауданның 3758 тұрғынынан біржолғы төлем алуға өтінім келіп түсті.
Бүгінде Жылыой ауданының 3758 отбасына жалпы сомасы 1 387 453 600 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, — деді Азамат Мәмбетов.