13 мамырда сағат 09.45 — те Индербор-Орал бағыты бойынша сайларға жиналған тасқын су
жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 3-5 шақырымына шығып кетті.
— Осы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Орал қаласына баратын автокөлік жүргізушілері үшін Махамбет ауылы арқылы өтетін балама жол бар, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Индербор кентіне кіретін автомобиль жолының жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайды.
Атырау обоысының ТЖ жөніндегі жедел штабы