Судья Айжан Құлбаева айыпталушылар – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімнің қарар бөлігіне кірісе бастады. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кірді», — деді соттың баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер белгісіз. Судьяның кеңесу бөлмесіне кіргеніне қарағанда алқабилер дауыс беріп, қойылған сұрақтарға жауап берген болуы мүмкін.