Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
ӘлемБасты

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78 адамға жетті

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 78 адам қаза тауып, 115 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Reuters жазды.

Президент Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні Риу-Гранде-ду-Сулға жергілікті билікпен құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын талқылау үшін келді.

Су тасқыны құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі жексенбі күні табиғи апат кезінде 105 адам із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына қатысып жүрген еріктілер қайықтар мен гидроциклдерді пайдаланып жатыр.

Back to top button