Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Құлсары қаласында тасқын судың зардабын жою жұмысы жалғасып жатыр. Осы кезге дейін 4 млн 300 мыңға жуық текше метр су сорылған. Ал Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тасқын судан жеке иеліктегі 2920 және көпқабатты 19 үйге зақым келген. Соған байланысты 3878 тұрғыннан бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш түскен. Қазір 3591 өтініштің иесіне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілді.
«Құлсары қаласында 18 сәуірде су басқан нысандарды дезинфекциялау қолға алынды. Сол күннен 4 мамырға дейін 2033 жеке иеліктегі, 11 көппәтерлі үй, 28 әлеуметтік, 60 әкімшілік және кәсіпкерлік нысанға дезинфекциялау жұмысы жүргізілді. Осы кезеңде 318 қой-ешкі, 9 мүйізді ірі қара, 3 түйе, 528 тауық, 55 ит өлексесі жойылды», — деп хабарлады аудандық әкімдіктен.