Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Индерде 25 мың малды қауіпсіз аумаққа шығару жоспарлануда

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайыновтың айтуынша, Жайық өзенінің жағалауында 35 шаруа қожалығы орналасқан.

«Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп, қауіпті шектен асып кетті. Су тасқыны қаупіне байланысты 35 шаруа қожалығынан 25 мың малды қауіпсіз аумаққа шығару жоспарланды. Осы мақсатта төрт түлікті қоршауда ұстау үшін 25 орын дайындалды», — дейді Мәмбетқали Құсайынов.

Бұл ауданда Жарсуат және Құрылыс ауылдары су басу қаупі басым аумақта тұр. Жарсуат ауылдық округінің әкімі Ербол Бөкеевтің айтуынша, қазір аталған елді мекендерде кезекші пункттері ашылған.

«Жарсуат ауылында бұрыннан 4,6 шақырым бөгет болған. Сол бөгет толықтай жаңартылып, оған қосымша қосымша 2,3 шақырым бөгет соғылды. Ал, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет толықтай қайта жаңартылды. Осылайша, округ бойынша 12,5 шақырым бөгет салынды. Қазір қауіпті аумақта тұрған ауылдарда Тараз қаласынан келген 52 сарбаз, Төтенше жағдайлар департаментінен 21 маман жағдайды қадағалауға алды. Қосымша техникалар да бар», — деді Ерболат Бөкеев.

Back to top button