«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филилалының гидрологиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр.
Мәселен, Индер ауданында 2 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-де өзен арнасының суы 750 сантиметр болған еді. Ал, бүгін, 3 мамырда 788 сантиметрге жетті. Осылайша, бір тәулікте Жайық өзені +38 сантиметрге көбейген.
Махамбет ауданында 2 мамыр күні таңертең Жайықтың суы 795 сантиметр деңгейінде болатын. Сол күні кешкі сағат 20:00-де 8 метрден асып кетті. Бір тәуліктің ішінде бұл аудандағы судың көтерілу көрсеткіші +17 сантиметрді құраған. Бүгін, 3 мамырда су деңгейі 812 сантиметрге жетті.
Атырау қаласында да Жайық өзенінің суы көтеріліп тұр. Кеше таңғы уақыттан бері су айдыны +12 сантиметрге ұлғайды. Қазір мұнайлы шаһардағы өзен арнасының деңгейі 471 сантиметрді құрады.