Атырауда шетелдіктің насыбайды дүкенде заңсыз сатқаны анықталды. Заңсыз тауар тәркіленді. Бұл туралы Казинформ жазды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102-арнасына дүкенде насыбай сатылып жатқаны хабарланған.
«Атырау қалалық полиция басқармасы №1 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Шыңғыс Мұсаев Азаттық даңғылында орналасқан дүкенге барып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде Өзбекстан Республикасы азаматының заңсыз насыбай өнімін сақтап, сатқаны анықталды. Дүкеннен 114 шағын қалтаға салынған насыбай тәркіленді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.