Атырау облысының Индербор кентіндегі пәтер өртінен екі бала мерт болған еді. Сол өрттен 95 пайыз күйік алған әйел ауруханада қайтыс болды.
Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
«Индер аудандық орталық ауруханасына 25 сәуірде өрттен күйік алған екі адам жеткізілді. Оның бірі – әйелдің жағдайы аса ауыр жағдайда деп бағаланды. Науқастың денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық ем-дом шараларын жүргізді. Алайда, түнгі сағат 03:30 шамасында әйел ауруханада қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір ауруханада ер адам емделіп жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.