30 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 250,8 шақырым бөгеттің 243,6 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Жағалауды нығайту жұмыстарына 444 бірлік техника, 809 ұйым қызметкері және 1774 ерікті жұмылдырылды.
Еріктілер қатарында бөгеттерді тұрғызуға Бегалы Меңдіғалиев та қатысты. Егде тартқан жасына қарамастан, ақсақал қапшықтарды құммен толтырып, бөгет нығайту жұмыстарына атсалысты. Жергілікті тұрғынның айтуынша, олар еріктілермен бірге күніне 6000 мыңға жуық қапты дайындап, бөгет нығайтуда.