Алмалы ауылдық округі Береке ауылында ұзындығы 7620 м болатын бөгет тұрғызу жұмысы аяқталуда. Жалпы 300-ге жуық түрлі ұйымның қызметкерлері мен еріктілер тартылған жұмысқа арнайы 30 техника бөлініп, 80 әскери сарбаз, 40 ТЖ маманы жұмылдырылды. Ендігі қалған жұмыс: тұрғызылған бөгеттерді қапшықтармен бекіту.
«Біздің басқармаға бекітілген учаскеде жұмыстар 6 сәуірде басталып, бүгінгі күнге 99%-ы аяқталып отыр, 20 м. дамба салу жұмысы ғана қалды. Су тасқынына қарсы жұмысқа кітапхана мен мұражай қызметкерлері, театр, филармония әртістері, сарбаздар, ТЖ қызметкерлері тартылды. Осындай үлкен бірліктің арқасында бүгінде бізге берілген жұмысымыз аяқталып қалды» дейді Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов.