Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Құлсары қаласында дезинфекциялық жұмыстар қалай жүргізілуде?

Құлсары қаласындағы дезинфекциялық жұмыстар ең алдымен әлеуметтік объектілерге, яғни, мектеп, балабақша, ауруханаларға жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, судан құрғатқаннан кейін мәйіттердің аумағына жасалады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстау үшін және соған сай шараларды өткізу үшін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 4 сәуірдегі қаулысы күшіне енді. Қаулыға сай су тасқыны болған өңірлерде аталған шара өтуде. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында судың сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіліп, су сынамалары алынды. Қазіргі уақытта судың құрамынан ешқандай қауіп анықталмады», дейді Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешева.

Судан бөлек, мамандар топырақтың да құрамын тексеріп, бүгінгі таңда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес екенін атап өтті.

Айта кетейік, қаладағы дезинфекциялық жұмыстарға Қорғаныс министрлігінің Маңғыстау облысындағы 28 әскери қызметшісі жұмылдырылды.

Back to top button