Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

️Құлсарыда үш мыңға жуық тұрғын Қоғамдық штабтың қызметіне жүгінген

Қоғамдық штаб 14 сәуірден бері жұмыс істеп жатыр.

Бұл бастама әрбір тұрғынның су тасқынының салдарын жоюға және өңірді қайта қалпына келтіру үшін қажетті қолдау мен ақпарат алуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Штаб құрамында төрағаны қоса алғанда, 16 мүше бар. Бұдан бөлек халыққа қызмет көрсету орталығы, адвокат, нотариус, сот орындаушылар және банк қызметкерлері тұрғындарға кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Қоғамдық штаб бүгінге дейін 2969 адамның өтінішін қабылдады. Қоғамдық штабта тұрғындар біржолғы материалдық көмек төлеу, тұрғын үйге, мүлікке өтемақы алу, төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту, несие төлеуді кейінге қалдыру, дәрі-дәрмек алу мәселелері бойынша кеңес сұрауда.

Құлсары қаласының тұрғындары су тасқынына қатысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алуға, соның ішінде қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша ақпарат алу үшін штабқа хабарласа алады.

Қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет етуде.

Back to top button