Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, Индер ауданы Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 31 жастағы күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.