Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

ТШО Теңізде ҰЕҚБЖ жобасының нысандарын іске қосты

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бірінші өлшеу станциясын төмен қысымға ауыстыра отырып және тиісті қысымды көтеру жүйесін (ҚКЖ) пайдалануға бере отырып, Теңіз мұнай кен орнында Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) жобасының нысандарын қауіпсіз түрде эксплуатациялауды бастады.

Бұл Теңізде өндірісті кеңейтудің жалпы жобасындағы маңызды кезең болып табылады. ҰЕҚБЖ — ұңғымалардың ернеуіндегі қысымды төмендету және кейіннен қолданыстағы зауыттарға қысымды арттыру есебінен Теңіздегі көмірсутектерді өңдеу зауыттарының жұмысын толық қуатта (жылына шамамен 28 млн тоннаға дейін) ұстап тұруға арналған. Қосымша ҚКЖ компрессорлары іске қосылып, қалған өлшеу станциялары осы жылдың соңына дейін қайта жабдықталатын болады.

ТШО-ның, «ККЖ» деп аталатын, Келешек өндірісті кеңейту жобасының соңғы кезеңі 2025 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл ТШО-ға Теңізде шикі мұнай өндіру көлемін жылына тағы 12 миллион тоннаға (күніне 260 000 баррель) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Бұл біздің Келешек кеңею жобамызды қауіпсіз аяқтаудағы маңызды қадам, сондай-ақ біздің негізгі өндірісіміздің Теңізде сенімді жұмыс істеуіне көмектеседі», — деді «Теңізшевройл» ЖШС  бас директоры Кевин Лайон. «Бұл межеге қол жеткізу ҚР Үкіметінің және басқа да көптеген маңызды мүдделі тараптардың, соның ішінде біздің серіктестеріміздің, мердігерлік ұйымдардың, біз жұмыс істейтін қауымдастықтардың, дарынды мен жұмыстарына адал қызметкерлеріміздің тұрақты қолдауынсыз мүмкін болмас еді», — деп қосты Кевин Лайон.

Бүгінгі таңда ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы аясында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 18 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Сонымен қатар, 4000-ға жуық жергілікті жұмысшылар ҚКЖ жобасына өздерінің үлестерін қосу үшін арнайы дайындықтан өтті.

«Мен халықаралық компаниялармен әріптестік пен технологиялар алмасуының нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтаған қазақстандық компаниялардың жетістіктерімен мақтанамын», — деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

«Теңізшевройл» ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын қауіпсіз аяқтауға жәрдемдесу үшін өз серіктестері мен ҚР Үкіметімен ынтымақтастықты жалғастырады.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнайды, сұйытылған газды, құрғақ газды және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктестік болып табылады. ТШО заманауи технологияларды енгізіп, өз жұмысын әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сай жүргізеді. ТШО 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған шарт бойынша құрылған. Компания серіктестері– Шеврон — 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%; «ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc.» — 25% және Лукойл — 5%.

Келешек кеңею жобасы-Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) — бұл ТШО бір уақытта іске асыратын екі біріктірілген жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын іске асырудың нәтижесінде Теңіз кен орнында шикі мұнай өндірісінің көлемі жылына шамамен 12 млн тоннаға (күніне 260 000 баррельге) ұлғаяды.

Back to top button