БастыТехнология
Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады – Қазавтожол
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктері 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда тегін жүре алады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады.
Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берер кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.