Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Индер ауданында 7 мыңға жуық мал эвакуацияланады

Индер ауданында үй жануарларын қауіпсіз аумаққа көшіру жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Қазіргі уақытта арнайы бөлінген орындарға 5000-нан астам ұсақ мал және 1700 ірі қара мал көшіріледі. Үй жануарларын көшіру жұмыстары Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысады.

Сондай-ақ, қауіпті орындар белгіленіп, ықтимал су тасқынының арнайы картасы әзірленді.

— Қауіпсіз аймақтардың координаттары белгіленді. Бүгінгі күні Құрылыс және Жарсуат ауылынан қауіпсіз жерге қой малы шығарылуда. Сонымен қатар, Жарсуат ауылында малды көшіру орындары да анықталады, — деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.

Back to top button