РФ Санкт-Петербургте гидротехник болып жұмыс істейтін Атыраулық аула септиктерін су тасқынына қалай дайындау керектігі туралы нұсқаулық әзірледі.
Қарлығаш Жасталапова — конструктор-гидротехник, Санкт-Петербургтегі сәулет-құрылыс тобының жетекшісі, гидротехникалық құрылыс саласының магистрі.
Сарапшының айтуынша, сәуір айының басында әлеуметтік желілерде ол Атырау облысындағы су тасқыны туралы жаңалықтарды оқыған.
— Мен жыл сайын Атырауға барамын. Әпкем маған гидротехниктерді іздестіріп жатқан әкімдік маманының байланыс номерін берді. Осылайша, әріптестеріме бірнеше кеңестер бердім, — деді Қарлығаш Жасталапова.
Көп ұзамай маман Қазақстанның сәулетшілер мен инженерлер қауымдастығының қолдауымен жағалауды нығайту бойынша нұсқаулық жазды.
— Адамдар үйді қалай қорғауға болатынын, септикпен не істеу керектігін сұрай бастағандықтан, мен оларға көмектесу керек деп шештім. Бұл нұсқаулықты қазір әкімдік бекітіп, қала тұрғындары менің нұсқаулығымды басшылыққа ала бастады, бұл үшін оларға үлкен рахмет, — деді гидротехник маман Қарлығаш Жасталапова.
Гидротехник Атырауда әлі орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ екенін, бірақ 2021 жылдан бастап КОС салынып жатқанын атап өтті.
— Қалада жеке сектордың пайызы өте жоғары және әр үйдің өз септиктері бар. Егер үлкен су келген жағдайда септиктің ішіндегісі жер бетіне қалқып шықса, Атырау өте қиын жағдайға тап болады.
Сондықтан, адамдардың алдын ала шаралар қабылдауы үшін нұсқаулық жазылды, — дейді Қарлығаш Жасталапова.