Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Жылыой және Қызылқоға ауданы тұрғындарының несие төлемдері кейінге шегеріледі

Тасқын судан зардап шекендердің басым бөлігі Жылыой ауданында (Құлсары қаласының 30% су басқан болатын) тұрады, — деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

— Қазіргі таңда Құлсары қаласы бойынша 2471 зардап шекен адамның тізімі жасалып, қаржы ұйымдарына жолданды. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданындағы судан зардап шеккен 24 адамнан өтініш түсті. Қазіргі уақытта несие бойынша төлемдерді тоқтату жөнінде жұмыстар жүргізілуде,-деп мәлімдеді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасының басшысы Асланбек Қабесов.

Еске сала кетйік, тасқын судан зардап шеккен барлық азаматтардың несие бойынша төлемдері автоматты түрде 3 ай мерзімге кейін ығыстырылады – 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін. Бұл ретте, тасқын су салдарынан төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен пенялар есептелмейді. Төлемдерді кейінге шегеру жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес іске асырылады.

Back to top button