Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 34 сантиметрге көтерілді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 20 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша қаладағы гидробекетте су деңгейі 828 сантиметрге жетіп, қауіпті шекке (850 см) таяп қалды.
Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 899 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 804 (+16, 850 см), Тайпақта 504 (+9) сантиметрді көрсетті.