Бұл жөнінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов хабарлады.
Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының өтініштерін тәулік бойы қарап жатыр. Қазіргі кезге ауданның 3266 тұрғынынан бір жолғы төлем алуға өтініштер түскен.
— Бүгінгі күнге Жылыой ауданының 1866 отбасына 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 688,9 млн тенге бір жолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтінімдер қабылдау жалғасуда,-деді А.Мамбетов.