Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасының өсуіне жол берілмейді

Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Тағашевтың айтуынша, облыстағы сауда нүктелерінде баға тұрақты, уайымдауға негіз жоқ.

“Сауда және интеграция министрлігінің Атырау облысындағы жергілікті өкілдері тұрақты түрде сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және көтерме сауда нүктелеріне күн сайын таңертең және кешке баға мониторингін жасайды. Сонымен қатар ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді”,- деді Еркебұлан Тағашев.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде баға өсіру фактісі әзірге тіркелген жоқ. Сондай-ақ, шет мемлекеттер мен өзге қалалардан гуманитарлық көмек келуіне байланысты облыста азық-түлік қоры жеткілікті.

Back to top button