Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша, 2024 жылғы 18 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша өткен тәулікте:
Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетінде су деңгейінің тәулігіне +8 см-ге және 201 см-ге көтерілуі байқалады.
⁃ Қиғаш каналындағы су тасқыны Волгоград су қоймасынан судың келуіне байланысты болып отыр. Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі артуы Еділ су электр станциясының су торабы арқылы төгінділердің көбеюіне байланысты күтілуде, — делінген хабарламада.
18 сәуірдегі Еділ су электр станциясынан судың жіберілуі 14260 м3 / с құрайды. Еділ су электр станциясы күшейтілген режимде 27 сәуірге дейін жұмыс істейді.