БастыТехнология
Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жолға шығады
Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін ұлттық тасымалдаушы «Алматы-Атырау» және кері бағытта бір рейске қосымша пойыз бекітті.
№ 215/216 «Алматы-Атырау» пойызы мына кестемен қатынайды:
— Алматыдан 19 сәуір сағат 13:40–та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32–де келеді
— Атыраудан 21 сәуір сағат 23:16–да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50–де келеді.
Купеге де, плацкарт вагондарына да билет бар.
Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.