Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Аудандағы 21 елді мекеннің 17-і Жайық өзенінің бойында орналасқан.
Қорғаныс дамбыларын салу жұмыстарына волонтерлар, ауыл тұрғындары және еліміздің түрлі өңірлерінен келген әскери қызметшілер қатысуда.
— Біз Шымкент қаласындағы 35 748 әскери бөлімінен келдік. 300 әскери қызметші мен 17 дана техника бар. Махамбет ауданы басшылығының жағалау бекіту жұмыстары бойынша тапсырмаларын орындап жатырмыз,-деді шымкенттік әскери қызметші Мирас Жанабилов.
Махамбет ауданы бойынша жағалау бекіту жұмыстары жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайды. Оның 20 шақырымы – жаңадан салынған дамбалар. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағалауына топырақ салынған 800 мың қап төселген.