Онда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев айтып өткендей, бүгінгі таңда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, оған 217 бірлік арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған.
— Бүгінде халық пен малды эвакуациялау пункттерінің мекенжайлары анықталды. Жақын арада гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің орны белгіленеді, — деді Қайрат Нұрлыбаев.