Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

2000-ға жуық жылыойлық бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтінім берді

15 сәуірдегі жағдай бойынша, Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен 1 942 отбасынан бір реттік әлеуметтік төлемге өтініш қабылданды. 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 369 200 теңге
көлеміндегі бір реттік әлеуметтік төлемге құжат қабылдау Жылыой ауданында 12-сәуірден басталды.

Қазіргі уақытта құжаттар үш мекен-жай бойынша, Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (Қабдешов көшесі, 1 үй), Жылыой аудандық Мансап орталығының ғимаратында (Махамбет даңғылы, 178 үй) және Теңіз қалашығындағы эвакуациялық пунктте қабылдануда.

«Күні бүгінге тасқыннан зардап шеккен 1 942 отбасынан өтініш қабылданды. Жоспар бойынша, 2800 отбасынан өтінім қабылдау күтілуде. Бір реттік әлеуметтік төлем алу үшін, небары төрт құжат керек. Өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, банкіден арнайы есеп шоттар және қала әкімдігінен берілген анықтама» деді Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Азамат Мәмбетов.

Back to top button