Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысында қауырт желіге су тасқынына байланысты бір аптада 140 рет қоңырау түскен

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 5 сәуірден бері «Қауырт желі» нөмірлері іске қосылған. Қауыр желіге тәулік қоңырау шалуға болады.

«Қауырт желі облыс тұрғындарына ақпараттық және психологиялық көмек көрсету мақсатын көздейді. Бір аптада қауырт желі арқылы департаментке 140 қоңырау түсті. Қоңыраудың дені табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты болып отыр. Атырау қаласы аудандарының тұрғындары су тасқыны жөнінде нақтылап, жеке мүліктерді қалай сақтауды сұрады. Тұрғындардың бір тобы материалдық көмек туралы білгісі келеді. Ал, жүргізушілер су шайған «Доссор-Құлсары» жолының бүгінгі жағдайына алаңдайды», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қоңырау шалушыларды Құлсары қаласындағы жағдай алаңдатып отыр. Олардың арасында гуманитарлық көмек көрсетуге қызығушылық білдіргендер бар.

«Қауырт желіге үрейленген тұрғындардан 11 қоңырау түсті. Қоңырау шалушыларға апаттар медицинасы орталығы және жедел құтқару жасағының психологтері Светлана Серікбаева мен Айгүл Қайырғалиева моральдық-психологиялық кеңес беріп отыр. Мұндай кеңес қорқыныш пен үрейден арылуға, жағымсыз психикалық салдардың алдын алуға бағытталады», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Back to top button