Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Дамбы селолық округінде 2 шақырым бөгет салынды

Атырау қаласының Дамбы селолық округіне қарасты №100, №101, №102, №103 участоктерде жаға бекіту және бөгеттерді биіктету жұмыстары қарқынды жүруде.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, аталған жұмыстарға мемлекеттік органдармен бірге, тұрғындар жұмылуда.

— Бөгеттің ұзындығы 4,5 шақырым болса, қазір оның 2 шақырымға жуығы жасалып бітті. Бұл жұмыстарды ауыл тұрғындары мен еріктілер жұмыла атқаруда. Біздің тарапымыздан арнайы техникалармен қамтамасыз етіліп, топырақтың үстіне қосымша төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар арнайы қапшықтарға топырақ толтырып, қосымша бөгет салуда ,- деді Н.Құсайынов.

Дамбы ауылында су тасқынының алдын алуға 400-ден астам ерікті жұмылдырылып отыр.

Жаға бекіту жұмыстарына облыстық
Құрылыс басқармасы, «Құрманбай», «Амангелді», «ДВС» жеке кәсіпкерліктері қолдау көрсетуде.

Қазіргі таңда мұнда 41 техника жұмылдырылған. Олардың ішінде 23 самосвал, 3 экскаватор, 7 погрузчик, 4 каток, 3 бульдозер, 1 трактор бар.

Back to top button