Атырау облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы мен су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты NCOC компаниясы мердігер ұйымдармен бірге жергілікті мемлекеттік органдарға көмек қолын созуда.
Атап айтқанда Атырау облысының су тасқынына қарсы іс-шараларын жүргізуге көмек ретінде қазіргі уақытта арнайы техниканың 50 жуық бірлігі бөлінді. Қазіргі кезде Соколок арнасының бойында ұзындығы 24 км қорғаныш дуал тұрғызу жұмысына арнайы техниканың 19 бірлігі мен 34 адам жіберілді. Жұмыстар әкімдіктің басшылық етуімен күндізгі және түнгі ауысымда тәулік бойы жүріп жатыр.
NCOC компаниясының құрлықтағы және теңіздегі өндірістік нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Қалыптасқан жағдайда NCOC үшін ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігі мен уақтылы көмек көрсету. Осы қиын-қыстау кезде NCOC әлеуметтік жауапты компания ретінде жергілікті мемлекеттік органдарға елеулі қолдау көрсетуде.