Атырау облысы дәрі-дәрмектің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолда бар қорды ықтимал су тасқынынан қорғауға сақадай-сай.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Үмітхан Мұсабаеваның айтуынша, өңірде медициналық және дәрілік препараттардың қоры жеткілікті.
– Бізде әрқашан екі айлық қор болған және бар. Олар ауруханалар мен емханалардың, диспансерлер мен медициналық орталықтардың өтінімдері бойынша қамтамасыз етіледі. Біздің өңір елді мекендер арасындағы байланысты үзген жоқ, барлық дәрі-дәрмек кез келген ықтимал жолмен – ұшақпен, тікұшақпен, пойызбен, автокөлікпен жеткізілетін болады, — деп атап өтті Ү.Мұсабаева.