Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген екі кәсіпкерлік нысан жауапкершілікке тартылды

Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтергені үшін, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
2 сәуір мен 8 сәуір аралығында 1 сауда желісі мен 1 бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 204-4 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапқа тартылды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады» деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы Әлем Уалиев.

Back to top button