Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда Соколок каналы биіктетіліп жатыр

Қазіргі уақытта Соколок каналында тазарту және тереңдету жұмыстары жүруде.

«Жайық өзенінің суын 24 шақырымдық Соколок каналы арқылы, Каспий теңізіне бұру үшін, бөгеттері биіктетілуде. Бұл жерде NCOC компаниясының 30-ға жуық техникасы бар. Қазіргі уақытта бөгеттің 2 шақырымдық бөлігінде жұмыс аяқталды. Осы аптаның ішінде жұмысымызды бітіреміз деген сеніміміз бар. Алдағы уақытта жұмысқа қосымша адам күші мен техника тартылады» деді Соколок каналына жауапты координатор Олжас Сұлтанов.

«ҚазСуШар» РМК мәліметіне қарағанда, облыс аумағында бастауын Жайық өзенінен алатын 15 магистральды су арнасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек Атырау қаласына қарасты аумақта Зарослый және Бухарка табиғи өзектеріне жыл сайын шаруашылық мақсатында су шығарылады.

Жайық өзенінің бойында Атырау облысының аумағында 26 елді мекен орналасқан. Атырау қаласынан бөлек оның 7-еуі Индер, 18-і Махамбет ауданына бағынышты.

 

Back to top button