Атыраулық полицейлер Қ. Сәтпаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімнің басқаруындағы мопед жүргізушісін анықтап, ұстады.
Құқық бұзушы бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Сонымен қатар, мопед жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамаған. Полицейлер жүргізушісін ұстап, мопед көлік құралы полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Атырау қаласының полиция басқармасы ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларға жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы ескертеді.