Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Құлсарыда су басқан үйін қарауға кеткен әкесі мен баласы әлі іздестіріліп жатыр

6 сәуір сағат 17:52-де Жылыой ауданы Құлсары қаласы 4 ықшам ауданы, автодорожник көшесі, «Grand Hall» мейрамханасының қасында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 ж.т азамат және 2000 ж.т ұлы барып сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде төтеншеліктерге хабарлама түскен.

Хабарлама түскен бойда құтшарушылар аталған мекен-жайға барды. Үйдің есігі пенамен бекітілгендігі анықталды.

Аталған шақырту бойынша 6 сәуір күні сағат 20:57-де құтқарушылар, 5 қайық, 1 бірлік техника (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, 5 жүзу құралы және 1 бірлік техника (трэкол) жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Айта кететін жағдай, Құлсары қаласында 6 сәуір күні су басу салдарынан шақыртулар көп түскен болатын. Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланды.

Back to top button