Атырау облысының әкімі алдымен су басу қаупі бар елді мекендерді атап өтті,- деп хабарлайды ТЖ жөніндегі оперативті штаб.
— 1994 жылғы су тасқынынан бері 30 жыл өтті, қазір нақты мына жерді алдымен су басады деп айта алмаймыз. Су мүлдем күтпеген жақтан келуі мүмкін. Қазіргі кезде Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласы су басу қаупі бар аймақтарға жатады. 1994 жылғы деректерге сүйенетін болсақ, су қалаға Бесікті және Дамба ауылдары арқылы кіруі мүмкін.
Атырау облысының әкімі Жайық өзенін геодезиялық зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтты. Мамандар қауіпті учаскелерді анықтап, соларды бойлай жағалау бекіту жұмыстарын жүргізу, бөгеттер салып, дамбаларды бекіту қажет болады.
— Су қаупін дұрыс бағалау керек, оның алдын бөгеуден ешқандай пайда жоқ. Суды Каспий теңізіне барып құйылатындай қылу керек,-деп тұжырымдады облыс әкімі.